СҚО-да экологтар мен полицейлер «Таза ауа» акциясын өткізіп жатыр. Басты мақсат – көліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін тексеру, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов 10 күн ішінде мамандар дизель отынымен жүретін 15 шағын автобусты тексерген. Нәтижесінде 11 автокөліктің түтіні шамадан тыс екені анықталды.
-Нормадан асып кеткен көліктер бойынша полиция қызметкерлері «ластаушы заттар нормативтен асып кеткен автомотокөлік құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданады. Жеке тұлғаларға 61 260 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды, 7 ескерту жасалды, — деді Азамат Бектасов.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев