Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы Тимирязев ауданының жекелеген ұйымдарының аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аудит барысында 11,3 миллиард теңгенің келісімдері тексерілді. Нәтижесінде, 726,8 млн теңгенің бұзушылықтары анықталған. Басым көпшілігі – қаржылық бұзушылықтар. 4 млн. теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері оңды-соңды жұмсалыпты, бюджет шығындары 1,8 млн. теңгені құрайды.
— Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік аудит қаржылық тәртіптің деңгейі көңіл көншітпейтінін, яғни жеткіліксіз деңгейде екенін, лауазымды тұлғалардың қолданыстағы бюджет және өзге заңнама нормаларын сақтамағанын көрсетті, — деді облыстық тексеру комиссиясы өкілдері.