Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен көлемдерін бекіту және пошта айналымына енгізу туралы» бұйрығымен 2022 жылғы 3 маусымнан пошта маркасы 2 миллион дана мөлшерінде басып шығарылып, айналымға енгізілді.
Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналып шығарылған пошта маркасы арқылы ұлтқа еңбегі сіңген тарихи тұлға мәңгілік есте қалмақ.