Биыл СҚО-да қой шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 20 мың асыл тұқымды қой алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы «Солтүстік» ӘКК арқылы қой шаруашылығын дамыту бойынша үш жоба қаржыландырылып, өңірге 3 мың бас мал әкелінді.
— 2026 жылға дейін қой шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдадық. Биыл тағы 20 мыңға жуық бас әкелуді жоспарлап отырмыз. Жалпы бізде мал шаруашылығымен айналысатындар аз. Біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал өсіру жөніндегі міндетті заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігін әрдайым айтып келеміз. Істі мықтылап қолға алса, қаншама адам жұмыспен қамтылар еді, — деді Құмар Ақсақалов.