«Севказэнергосбыт» ЖШС тұтынушылардан заңсыз төлем алып отырған

Авторы: Qyzyljar News

Енді энергия тасымалына кететін шығындарды халықтың ақшасымен жауып келген «Севказэнергосбыт» ЖШС-і тұтынушыларға қарыз болып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сот компанияны жылу энергиясының шығыны үшін осы күнге дейін халықтан алып отырған төлемді қайтаруға міндеттеді. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментіне тұрғындардан «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты коммуналдық төлемдерді есептеу тәртібінің заңға сай еместігі жөнінде 2021 жылдың қараша айынан бірнеше рет шағым түскен.

Белгілі болғандай, серіктестік теңгерімдік тиесілік шекарасында орналасқан есептегіш құралдары бар қалалықтардан жылу ысыраптары үшін төлем алып келген. Департамент өз тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді.

Сот «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның тұтынушыларға жылу шығындары үшін есеп жүргізу әрекеттерін заңсыз деп танып, компанияға 2020-2021 жылдар кезеңінде жылу шығындары үшін есептелген соманы қайтаруды, есептеу жұмыстарын тоқтатуды міндеттеді. Бұл шешімнен кейін табиғи монополиялар субъектілері апелляциялық шағымдар берді. 2022 жылғы 29 маусымда облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz