Ұлттық Ұлан Академиясының 1 курс курсанты Алмас Исенов Бішкек қаласында гір спортынан өткен әлем чемпионатында үздік атанды. Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ұлттық ұлан Академиясының 1 курс курсанты Алмас Исенов өнер көрсетті. Петропавлдық азамат Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Беларусь, Түрікменстан және Пәкістан спортшыларын жеңіп, өз мықтылығын көрсетті.
Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Академияның 1 курс курсанты Алмас Исенов 24 келіден 132 рет 2 гір көтеруді орындап, осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Алмас Исенов осыған дейін де гір спортынан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері атанды.
Фото: ҰҰ Академиясының баспасөз қызметінен