Облыс полицейлері коммуникация органдарымен бірлесіп, 5800 шақырымнан астам жолға тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жолаушылардың қозғалысына кедергі келтіретін 1382 олқылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін 638 анықтама берілді. Жергілікті атқарушы органдардың атына жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 176 ақпарат жіберілді.
-Жолаушылардың қауіпсіздігі жол-көлік инфрақұрылымының жағдайына тікелей байланысты. СҚО ПД әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері тұрақты түрде жол-көше желілерін тексеріп отырады. Поллицейлер жолға байланысты туындаған мәселелерді шұғыл түрде шешуге тырысады,-деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен