Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайты іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.
Бас мүфти жамағатты «Құрбан-2022» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырып, халыққа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асатынын тілге тиек етті.
Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен ватсап нөмірге жіберіледі.
Фото: ҚМДБ ресми сайтынан