Облыс тұрғындарының 24 пайызында қан айналымы жүйесінің аурулары анықталды

Авторы: Qyzyljar News

98 871 солтүстікқазақстандық қан айналымы жүйесі ауруларымен диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кардиологиялық орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, пациенттердің 60 мыңға жуығы – артериялық гипертензиядан, 23 мыңнан астамы – жүректің ишемиялық ауруынан, 16 мыңнан астамы стенокардиядан зардап шегеді. Қалғандарын жүрек соғысының бұзылуы мен ми тамырларының аурулары мазалайды.

– Жедел коронарлы жетіспеушілік кезінде жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, миокард қажетті қоректік заттар мен оттегін ала алмайды. Бұл өмірге қауіп төндіреді. Өйткені миокардтың дұрыс жұмыс істемеуіне, қан тамырларының жарылуына, жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, — деді облыстың штаттан тыс бас кардиологы Кирилл Көшербаев.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz