Бруцеллездың өршуіне байланысты Шахавское ауылы карантинге жабылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстандағы ауылдардың бірі бруцеллезге байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округінің Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезге шалдығуына байланысты шектеу шаралары енгізілді. Осы шешімнің орындалуы бақылансын, — делінген Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің қолы қойылған нормативтік-құқықтық актілер сайтындағы құжатта.

СҚО ветеринария басқармасы бруцеллезге байланысты шектеу іс-шараларын енгізу уақытша және міндетті шара болып табылатынын мәлімдеді.

 

-Аурудың адамдарға, басқа жануарларларға жұғып кетпеуі үшін, сонымен қатар жайылым жерлері мен су айдындарының дерттен сақтау мақсатында карантин жарияланды. Зерттеу жүргізу барысында 17 ірі қара малдың ауруға ұшырағаны анықталды. Аталған шара 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 1100 — тармағында көзделген, — деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Фото: ашық дереккөздерден 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz