СҚО-да алаяқтар тұрғындарға жиі хабарласып, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, арам ойларын іске асыратын болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Айлакерлер дәл осы әдіспен 54 жастағы қала тұрғынын алдамақ болған. Азаматқа қоңырау шалған адам өзін СҚО полиция департаменті басшылығының өкілі ретінде таныстырған. Бұдан кейін қала тұрғынымен «банк қызметкері» болып сөйлескен. Ол петропавлдықты қаскөйлерден қорғау мақсатында депозитіндегі бар қаражатты «резервтік шотқа» аударуға көндірмекші болады.
-Мен полицейлер адамдарды шақыру қағазы арқылы шақыратынын білемін. Сондықтан, қоңыраудан кейін күдіктеніп қалдым. Алайда, алаяқтар менімен өте сенімді сөйлесті. Полицейдің қабылдауына жазылмақшы едім, бұдан бас тартты, — дейді қала тұрғыны.
Соңғы бірнеше ай ішінде осындай 30-дан астам факті тіркелген.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен