СҚО-да үй жануарларын ұстау мен серуендетудің жаңа ережелері қабылданады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ереже Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Жаңа ережелерге сай үй жануарларын ұстау шарттары олардың биологиялық, түр және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.
Ит асыраушылар төрт аяқты жануардың адамдарға бас салмауы үшін тиісті ережелерді ұстанып, қажетті жағдай жасауы тиіс. Сонымен қатар, профилактикалық шара жүргізіп, ит ауырып қалса, емдетуге міндетті, үй жануарын қараусыз қалдыруға болмайды. Жануарларды серуендетуге рұқсат етілген жерде ұзындығы екі метрден аспайтын тұмылдырықсыз серуендетуге болады.
Фото: ашық дереккөздерден