Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға 5 шілдеден бастап коронавирустық инфекциядан қорғау мақсатында медициналық маска тағуды ұсынады. Еліміз коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша – жасыл аймақта. Алайда, соңғы аптада сырқаттанушылар саны жұқтырғандар санынан үш есе артты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанның айтуынша, науқастардың саны артқандықтан, азаматтар өздерін қорғап, сақтық шараларын ұстанулары қажет.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, қазір Еуропаның 53 елінде күн сайын коронавирус жұқтырудың 500 мыңнан астам дерегі тіркелуде. Сол үшін мамандар қауіпті індеттің алдын алу үшін қоғамдық орындарда медициналық бетперде тағып, ауруға қарсы екпе алуға кеңес береді.
Фото: ашық дереккөздерден