Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету туралы айтты

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қаржы министрлігі мен Еңбек министрлігіндегі әріптестерінің даулы пікірлерінен кейін зейнет жасын төмендету туралы тағы да айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Зейнет жасын төмендетумен қаржыға жауапты вице-министрлер емес, мен өзім жеке айналысамын. Жұмыс тобы құрылды, ол Әлеуметтік кодексті әзірлеу аясында тиісті жұмыстарды атқаруда, — деді Ералы Тоғжанов үкімет отырысында.

Ералы Тоғжанов шешімнің нақты қашан шығарылатынын ашып айтпады. Ол мәселенің жыл соңына дейін қабылданатын Әлеуметтік кодекс аясында шешілетінін ғана тілге тиек етті.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz