«Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңіне СҚО-ның 30-дан астам кәсіпорны қатысуға ниетті. Бұл туралы Кәсіпкерлер Палатасының филиалы хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қатысушылар арасында нарыққа енді ғана шығып келе жатқан компаниялар да болады.
-Кәсіпорын иелері үшін “Қазақстанның үздік тауары” көрмесі таптырмас мүмкіндік. Байқауда тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, жарнамалай алады. Биыл байқауға қатысуға 30-дан астам солтүстікқазақстандық кәсіпорын өтінім берді, — деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.
Өңірлік кезеңнің үш номинациясы бойынша үздік атанған жеңімпаздар республикалық деңгейде Астанада өңір намысын қорғайды.