Қазақстанда 2022 жылғы 5 шілдедегі «ҚР аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстар бойынша сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар:
* Нұр-Сұлтан – 70 теңге/л;
* Алматы – 65 теңге/л;
* Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары – 50-55 теңге/л;
* Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 70-75 теңге/л;
* Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – 60-65 теңге/л.
* Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.