Петропавл қаласының тұрғыны ішкі істер органдарына бір жарым ғасыр бұрын жасалған қаруды тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ер адамның айтуына қарағанда, қаруды ескі гаражын бұзып жатқан кезде еден астынан тауып алып, бірден қалалық полиция басқармасына тапсырған. Зерттеу барысында криминалистер бұл қару кейін аңшы мылтығына өзгертілген, халық арасында «фроловка» деп аталып кеткен 1870 жылғы Бердан винтовкасы екенін анықтады.
Тарихи дереккөздерге сүйенсек, XIX ғасырдың аяғында Бердан винтовкаларының әскери қоры аңшы мылтығы ретінде сатылған. Кейін 1920 жылдары тозған винтовкалар Тула қару зауытында 28-ші калибрлі қаруға өзгертіліп шығарылды. «Фроловка» атауымен белгілі болған бұл тегіс ұңғылы қару аңшы мылтығы ретінде сатылған. Петропавлдықтың тауып алған қаруы да осы үлгіге жатады.
-Криминалистердің қорытындысына сәйкес қару атуға жарамсыз. Қазіргі уақытта сирек кездесетін затты СҚО полиция департаментінің музейіне тапсыру мәселесі қарастырылып жатыр, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға Құрман Мусин.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен