СҚО-да описторхоз ауруы тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО аумағында ағымдағы жылдың 6 айы ішінде описторхоз ауруының 13 фактісі тіркелді. СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері сырқаттанушылардың саны былтырғымен бірдей екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Описторхоз — бұл адамның ұйқыбезін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын құрт ауруы. Паразит адам ағзасында ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Ұзак уақыт адам ағзасында паразиттік өмір сүретін описторхозтар бауыр обырын тудыруы мүмкін.

Адам ағзасына паразиттің балаңқұрттары шикі немесе жеткіліксіз қақталып, сүрленген, пісірілген немесе қуырылған тұқы тұқымдастарына жататын балықтарды жегенде түседі.

Аурудан сақтану үшін балықты қайнағаннан кейін кем дегенде 15-20 минут қайнату керек, оны 15-20 минут қуырып, кішкене кесектерге бөлген абзал. Шикі балықты үй жануарларына беруге болмайды, өйткені олар ауру таратуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz