Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 454 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алматыда – 200, Нұр-Сұлтанда – 118, Шымкентте 23 тұрғынның бойынан коронавирус індеті анықталған. Алматы облысында – 30, Жамбыл облысында – 17, Атырау облысында – 16, Қызылорда облысында – 12, Қарағанды облысында 11 адам сырқаттанды.
Сонымен қатар, Ақмола облысында – 7, Павлодарда – 5, Түркістан, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 жағдайдан тіркелсе, Маңғыстау облысында – 2, Батыс Қазақстанда 1 адам науқастанды.
Фото: ашық дереккөздерден