Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Петропавл тұрғындарын көмір бағасы қымбаттамай тұрғанда сатып алуға кеңес береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әлеуметтік желілерде жариялаған ақпаратына сәйкес, көмір 3 нүктеде сатылады, қорда 1,7 мың тонна отын бар. Басым бөлігі – Шұбаркөл көмірі (1000 тонна). Ол 14,8 мың теңгеден саудалануда. Қаражыра көмірі тоннасына 15,3 мың және 15,5 мың теңгеден сатылып жатыр, көмірдің бұл түрін 2 жерден алуға болады.
— Көмір бағасы өзгеріссіз тұр. Алайда күзгі уақытта бағасы қымбаттап кетуі әбден мүмкін. Сол үшін алдын ала дайындалып, көмір сатып алған жөн, — деді ТҮКШ бөлімі өкілдері.
Фото: ашық дерееккөздерден