Қазгидромет мамандардың мәліметінше, шілденің 14-16 аралығында Иран аудандарынан келген жылы ауа массаларынан Қазақстанның бүкіл аумағында күн ысиды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Еліміздің солтүстігінде сынап бағанасы күндіз 30-35 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Бірақ жоғары температураға қарамастан, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай түседі.
16 шілдеден бастап Солтүстік циклон елдің солтүстігіне әсер етіп, ауа температурасы аздап төмендейді.