СҚО полицейлері еріктілердің көмегімен есте сақтау қабілетінен айырылған әйелді іздеп тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамлют ауданында тұратын әйел адам Петропавлға қарай шығып кетіп, одан соң хабарсыз кеткен. Оның үстіне әйел адамның есін жоғалтып алатыны бар екен. Еріктілер әлеуметтік желілерге іздеудегі нәзік жанның суретін жариялады. Абырой болғанда, қала тұрғындарының бірі әйелдің бет-әлпетін есінде сақтап қалып, полицияға хабарлаған. Мамлюттік тұрғын сол күні табылды.
–Жалпы жыл басынан облыста 15 із-түзсіз жоғалған адам іздеуге жарияланған, оның 11-і бүгінгі күні іздестірілді, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
СҚО ПД баспасөз қызметінен