8 күнде петропавлдық полицейлер 40 тұрмыстық құқық бұзушылықты анықтады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда полицейлер 8 күн ішінде отбасында болған 40 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маусым айында Петропавл қаласының тұрғыны спирттік ішімдік ішіп, үйінде жанжал шығарған. Бұдан кейін әйелі полицияға жүгініпті. Абырой болғанда, ерлі-зайыпты сотта татуласып, арадағы кикілжің шешілген. Дегенмен, олардың отбасы бақылауға алынды. Бүгінге дейін ешқандай шағым түскен жоқ, көршілері оң пікір білдіруде, қабылданған шаралар өз нәтижесін берді.

8 күнде отбасының тыныштығын бұзған 154 адам тексерілді. 4 қорғау ұйғарымын бұзушылық және сотпен белгіленген ерекше талаптарды бұзудың 3 фактісі анықталды. «Рейдтер «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь» профилактикалық акциясы шеңберінде өткізілуде, ол 4 шілдеде бастау алды.

—Бұрын сотталғандар мен есепте тұрған, барлығы 600-ден астам адам тексеріледі. Рейд барысында 121 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жартысынан астамы – ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге қатысты. Бұдан бөлек, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында 40 құқық бұзушылық анықталды. Алкогольді заңсыз сатқан 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 литр алкоголь тәркіленді, — дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ бастығы Рустам Садулов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz