Петропавл әуежайы сенімді басқаруға берілді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл әуежайы төртінші рет аукционға шығарылып, бұл жолы сатып алу құқығымен сенімді басқаруға берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл әуежайының мүлкі бес жыл мерзімге 2,8 млрд теңгеге сенімгерлік басқаруға берілді. Сауда-саттықтың жалғыз қатысушысына сатуға рұқсат етілді.

Сенімгер басқарушы қызмет бейінін шарт жасасқан күннен бастап 10 жыл мерзімге сақтауға, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының нормалары мен талаптарының, күзетке, терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын, әуежай аумағын өртке қарсы құралдармен жарақтандыруды, білікті мамандардың болуын қамтамасыз етуге, объектіні тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, оны талдауға және жоюға жол бермеуге тиіс.

Әуежай мүлкі алғаш наурыз айында сатылымға шығарылды. Осы уақыт ішінде оның құны 2,8 және 5,6 млрд теңге аралығында ауысып тұрды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әуежай сенімгерлік басқаруға беру рәсімі кезінде штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz