Мемлекет басшысы МӘМС жүйесі тиімді болмағанын, нақты нәтиже жоқ екенін айтты

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен нақты нәтиже жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен, олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды, — деді ел Президенті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек екенін атап өтті.

-Келесі өзекті мәселе – денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру. Бұл жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Жалпы, цифрландырудың қазіргі деңгейі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп отырған жоқ,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді.

-Әр жүйенің өз кемшіліктері бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал, мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартуда. Үкімет осы мәселені тез арада шешуі керек, — деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz