С.Мұқанов атындағы кітапханада ашық аспан астында оқу залы ашылды

Авторы: Qyzyljar News

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ашық аспан астында жазғы оқу залы ашылды. Бұл жерде қалалықтар ұнатқан кітаптары мен журналдарын оқып, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқу залы сейсенбі-жұма күндері сағат 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Мұнда 100-ден астам кітап пен журналдар қойылған. Әрі әр-түрлі ойындар да ұйымдастырылады. Оқу залы оқырмандарды қыркүйек айына дейін қабылдамақ.

— Үстел ойындарының бұрыштары қойылады. Яғни, ол жерде нарды, шахмат, дойбы және тағы да басқа ойындар ойнауға болады. Сөз жұмбақтар, ребустар жазылған бұрыштар және де бұл жерде сурет салуға арналған бұрыштар да бар. Бұл жазғы оқу залында біз мерекелік іс-шаралар, сайыстар, байқаулар және викториналар өткіземіз, — деді С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханашысы Дамира Серікбаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz