Өткен тәулікте ПТР-сынамасы арқылы 5 солтүстікқазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі апта ішінде облыста 52 тұрғын дертке шалдықты. Көрсеткіш 15,6 есеге өскен.
Соңғы тәулікте қауіпті инфекция жұқтырғандардың екеуі – петропавлдық. Қызылжар, Шал ақын және Мағжан Жұмабаев ауданында бір-бір фактіден тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс – «жасыл» аймақта тұр.