Петропавлдық полицейлер тоналған қарттың заттарын қайтарып берді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда Ғабит Мүсірепов көшесінің бойында белгісіз қылмыскер 73 жастағы қарияның артынан келіп, қол сөмкесін жұлып әкеткен. Сөмкеде оның ұялы телефоны мен флеш-картасы болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жасы келген қария көзі көрмегендіктен, ұрының түр-әлпетін сипаттай алмады. Абырой болғанда, жақын маңда орналасқан бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Келесі күні сол адам азық-түлік дүкенінің кассасынан 250 теңге ұрлап жатқаны камераға түсіп қалған. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше күдікті ұсталды.

– Бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» және 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Дүкеннен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды. Жәбір көрген зейнеткерге көмкесі мен ұялы телефоны қайтарылды, – деді Петропавл қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Азамат Ташев.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz