«Мерейлі отбасы» байқауына солтүстікқазақстандық 28 отбасы қатысты. Үшеуі жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Адам баласы тәрбиенің алғашқы әліппесін отбасынан алып, адамгершілік пен ізгіліктің негізін қала»ды. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Баршаңызға денсаулық, береке, бірлік, жақсылық тілеймін, – деді СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Петропавлдың атынан қатысқан Мухиндер отбасы иеленді. Екінші орынға шалақындық Битабарлар отбасы жайғасты. Үшінші орын Мамлют ауданынан келген Бекеновтер отбасына бұйырды. Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды. Үздік атанған отбасылар қыркүйекте өтетін республикалық кезеңге қатысады.