«Қазавтожол» ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері айналма жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Асфальт төсеу үшін Есіл арқылы өтетін көпір уақытша жабылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«18 шілдеден 18 тамызға дейін біз республикалық маңызы бар М-51 «Челябинск-Новосибирск» автомобиль жолының 529 шақырымдағы учаскесін жабамыз. Петропавл гидроторабының автожол көпірін асфальттауға, бордюрлер мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуге байланысты шектеулерді енгіземіз, – делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның хабарламасында.