Полиция қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының патрульдік полиция қызметкері Руслан Акматов «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды. Тәртіп сақшысы 2016 жылы өз өмірін қатерге тігіп, автомобиль көпірінің жақтауынан секірмекші болған қызды құтқарып қалған еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Ең бірінші оны сөзге тартып, көңілін аулауға тырыстым. Басында ашуланды, бірақ біртіндеп сөйлесе бастады. Темекі сұрады. Мен спортшымын, жанымдағы әріптесімнен сұрайын дедім. Көпірдің жақтауының ең басына шықтым. Қыз жанына жақындатпады. Мен жақындамай темекіні қалай беретінімді айттым. Темекіні ұсынған болып, қолынан шап беріп ұстай алдым, – деді Руслан Акматов.

Осы ерлігі үшін Руслан төтенше жағдай жөніндегі органның III дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен марапатталған болатын. Енді міне мемлекеттік марапат та өз иесін тапты. Полиция аға лейтенанты «Ерлігі үшін» медалін Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың қолынан алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz