Петропавлдағы заңсыз төгілген қоқыстарды тазалауға 3 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда аулалар мен көшелердегі рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі апта ішінде 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

– Бірінші кезекте рұқсат етілмеген қоқыстарды зираттардан, көшелерден және тұрғын үйлердің аулаларынан жинайды. Мұндай жұмыстар алғаш рет жүргізіліп жатыр. Биыл конкурс жарияланып, «Қызылжарстройсервис» ЖШС мердігер болып белгіленді. Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін 3,3 млн теңге бөлінді. Жұмыстар «Іkomek-10» орталығына хабарласқан тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жүргізілуде, – деді бөлімнің баспасөз хатшысы Әсем Айтұлова.

Ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында 19 шілдеге дейін қоқыс тарифін көтеру туралы қаулы жобасы жарияланды. Оған сәйкес қала тұрғындары қызмет үшін екі есе көп төлеуге мәжбүр болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz