СҚО-да қандай азық-түлік қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері қант, картоп және пияз айтарлықтай қымбаттады. Әсіресе, соңғысының құны екі есеге өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Исаевтың айтуынша, қанттың қымбаттауына өндіруші зауыттардың сату бағасының өсуі әсер еткен, ал көкөніш бағасы маусымға байланысты құбылып тұр.

– Орташа статистикалық бағаның өзгеруі өндіруші зауыттың сатып алу бағасының өсуіне байланысты. Осы айда «Солтүстік» ӘКК Көксу қант зауытынан 204 тонна, Тараз қант зауытынан 816 тонна қантты 450 теңгеден атып алу туралы келісімшарт жасасқан. «Радуга» ЖШС «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 136 тонна қант сатып алды. Бағасы – 500 теңге, – деді Дәурен Исаев.

Ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарттар жасалды. Дәурен Исаевтың айтуынша, әзірге ауа температурасы мен сақтау шарттары көп көлемде сатып алуға мүмкіндік бермейді.

– Нанға көп көңіл бөлінеді. Халықты арзандатылған нанмен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті диірмендерге «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ желісі бойынша тоннасын 90 мың теңгеден 8,4 мың тонна бидай сатып алынды. Нан 100 теңгеден сатылады, – деді Дәурен Исаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz