Сүт пен кілегей өндірісінің жартысы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда сүт 22%-ға қымбаттады. Саладағы өндіріс төмендеп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, биылғы маусым айында сүт бағасы айына 2,4%-ға, жыл басынан бері 17,2%-ға және бір жылда 21,5%-ға өсті. Өткен жылы бағаның жылдық өсімі небәрі 9,5 пайызды құраған еді. Елімізде үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларында өңделген сүт пен кілегей өндірісі 235,3 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 7 пайызға аз.

Сарапшылардың мәліметінше, сүт пен кілегей өндірісінің жартысы Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарына ғана тиесілі. Өндірістің айтарлықтай көлемі Ақмола (34,2 мың тонна) және Қостанай (28,5 мың тонна) облыстарында да байқалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz