Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасай отырып.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 480,36 теңгені құрап, 4,26 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми доллар бағамы 484,18 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы — 479,91 теңге, сатылым-484,33 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 479,94 теңгеден сатып алады, 483,41 теңгеден сатады.