СҚО мен Ақмола облысының 16 тұрғынына жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Көкшетау қаласының тұрғыны СҚО мен Ақмола облысының 16 тұрғынын емтихан тапсырмай-ақ «жүргізуші куәлігін алуға болады» деп сендіріп, ақшасын қалтасына басқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы алаяқ бұл заңсыз әрекеті үшін тұрғындардан ең азы 65 мың теңге сұраған.

-Зардап шеккендердің бірі күдіктімен интернетте автокөлік сату туралы хабарландыру бойынша байланысқа шыққан. Сөз арасында айлакер «емтихан тапсырмай, жүргізуші куәлігін алып бере алатынын» айтыпты. Бұған ауыл тұрғыны келісіп, таныстарына нөмірін таратқан. Осылайша, сан соғып қалғандардың қатары көбейді, — деді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Алайда, уәде етілген құжаттардың бірін де жасамаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде аудан полицейлері 34 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктінің 1 адамды алдағаны анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz