2021 жылы СҚО әкімдігінің діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің электрондық форматтағы үлесі 82%-ға ұлғайды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Өткен жылдан бастап басқармада қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық порталдарын пайдалану дағдыларына оқыту тәжірибеге енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тек 2021 жылы жүргізілген жұмыстардың арқасында діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің электрондық форматтағы үлесі 82%-ға ұлғайды.

-Басқарма өкілдері тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингін жүзеге асырады. Құқықтық қайшылықтарды, электрондық порталдардың жетілмегендігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілуде. 2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне 5 ұсыныс жолданып, оның 3-і іске асырылды, — дейді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Рауза Қасенова.

Айта кетейік, биыл облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткізетін «Үздік сапалы қызмет көрсетеді» Республикалық конкурсына қатысып, конкурстың облыстық турында 1-орынға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz