Петропавл тұрғындарына жылу шығыны үшін 22 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда «Севказэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларға жылу шығындары үшін 22,5 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, тұтынушылар қаражатты маусым айындағы шот-түбіртектерінен көре алады, қағазда сот шешімі бойынша қайта есептеу сомасы жеке жолда жазылады.

Сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сот «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның тұтынушылардың балансындағы желілер бойынша жылу шығындары үшін есептеулер жүргізу жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп танып, есептеулер жүргізуді тоқтатуды, 2020-2021 жылдар кезеңінде жылу шығындарын төлеген тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді міндеттеді. Маусым айының соңында сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz