Петропавл аулаларын асфальттауға 300 млн. теңге жұмсалады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл аулаларындағы асфальтты жөндеуге және көлік тұрақтарын салуға қалалық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қаражатқа 30 аулаға асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Төртеуінде жаңа жабын пайда болды.

– Биыл Петропавлдың аулаларында 33 мың шаршы метр асфальтбетон төселіп, 1 мың 264 қоршау секциясы орнатылады. Қалалық бюджеттен әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 15 млн. теңге бөлінді, бұл 1,5 мың шаршы метр аумақты қалпына келтіруге мүмкіндік береді, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аулалар кезек бойынша асфальтталады. Тізімді Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайтынан көруге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz