Қазақстан тұңғыш рет АҚШ-тың Орегано штатына қарасты Юджин қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалдық бәсекеде ел намысын қорғаған кениялық легионер Нора Джеруто мәреге бірінші болып келіп, Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының «алтынын» сыйлады. Айта кетсек, бұл еліміздің жеңіл атлетика тарихындағы бірінші алтын медалі. Ақтық сында Нора Джеруто мәре сызығын 8:53.02 аралығында кесіп өтті.
Екінші орын эфиопиялық желеаяқ Веркуха Гетачьюге (8:54.61), үшінші орын оның отандасы Мекидес Абебеге (8:56.08) бұйырды. Кения тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы келді. 2022 жылы еліміздің атынан әлемдік додаларға қатысуға рұқсат алды.