Балалар жазда демалады — Білім министрлігі мектеп демалысын қысқарту туралы

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздегі мектептерде оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отыр. «Ашық НҚА» порталында Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа 2022-2023 оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйек басталады. Бірінші сыныптарда оқу жылы 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда 36 апта болады.

Алдағы оқу жылында барлық сыныптарға мынадай каникул кезеңін белгілеу ұсынылды:
-күзгі каникул – 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасын қоса алғанда);
-қысқы каникул – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
-көктемгі каникул – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).
Бірінші сынып оқушылары үшін де қосымша жеті күндік каникул енгізіледі — 2023 жылдың 6 ақпаны мен 12 ақпанын қоса алғанда.

-Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын арттыру күніне сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамытатын оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz