Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерімен кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған «Жасыл күн тәртібі» аймақтық бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сонымен қоса, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісілді және оған қол қою рәсімі басталды.
Тағы Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешімге қол қойылды.