Биыл 620 солтүстікқазақстандық ата-ана баласы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Биыл өңірде 620 ата-ана балалары үшін жазаланды. Оның ішінде 40 адам жасөспірімдердің спирттік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілдеге қараған түнде «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында петропавлдық полицейлер Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде ересектердің қарауынсыз жүрген 13 жастағы екі жасөспірімді анықтаған. Емін-еркін серуендеп жүрген балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту берілді.

-Ювеналды полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде компьютерлік клубтарды, диско-барларды, сонымен қатар, аулалар мен тұйық көшелерді – түнде жасөспірімдер көп жүретін орындарды тексереді. Осындай рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің осындай 7 дерегі анықталды. Екі кәмелетке толмағанның алкогольдік ішімдік ішу фактісі тіркелді. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін көшеде ересектерсіз жүруіне болмайтынын естеріңізге саламыз», — дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ бастығы Рустам Садулов.

Биыл біздің облыста балаларын қараусыз жіберген 620 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 40-ы – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 19-ы – балаларының көңіл көтеру орындарында болғаны, 426-сы түнде үйден тыс жерде болғаны үшін жазаланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz