Петропавл маңындағы Биотоған тазалануда

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл маңында орналасқан Биотоғанға қаладан аққан барлық сарқынды су құйылады. Соңғы жылдары облыс орталығында қолқаны қабатын иіс тарап, тұрғындардың наразылығын тудырды. «Қызылжар Су» ЖШС судың ғылыми-технологиялық орталығымен бірлесіп, мәселені жою үшін арнайы жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Petropavl.tv-ға сілтеме жасап.

Биотоғаннан тараған күкіртсутектің жағымсыз иісін кетіру үшін көлге суды тазартатын 400 тоннадан астам хлорелла жіберілді. Фотосинтез арқылы бұл өсімдік оттегін шығарады. Оларды тоғанға түпкілікті бекіту үшін шамамен 3 жыл қажет. Шаруа қыс мезгілінде де жүргізілді. Мамандар екі апта сайын сынама алады. «Қызылжар Су» зертханасында да жағдайды қадағалайды. Ендігі жылы бұл жұмыс толығымен кәсіпорынға беріледі. Олардың қызметкерлері қазір арнайы курстардан өтіп жатыр.

— Органикалық қалдықтарға оттегі жетпегенде олар шіріп, күкіртсутек бөледі. Қазір мұнда оттегі мөлшері өте жоғары. Яғни енді жағымсыз иіс азаюы тиіс. Қазір ең бастысы — балдырларды тоғанға бекіту қажет, осылайша ол келесі жылы да суда оттегін бөліп, жағымсыз иістің шығуына жол бермейді, — дейді судың ғылыми-технологиялық орталығының директоры Александр Рейбандт.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz