Петропавлдағы 2-ЖЭО мұржасының құлау себебі белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздің Энергетика министрлігінің комиссиясы жұмысын аяқтап, Петропавлдағы аты шулы екінші жылу электр орталығы мұржасының неден құлағанын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссия жылу электр орталығындағы қазандықтардың жұмыс тәртібіне, одан шығатын газдардың параметрлеріне, түтін мұржасын пайдалану режіміне, мұржадағы түтін газдарының өлшемдеріне энергетикалық сараптама тағайындаған. Әрі №1 мұржасына да техникалық сараптама жүргізілді.

Талдау нәтижелеріне сәйкес комиссия бірнеше себебін атады:
— түтін мұржасын салуды жобалау және бетондау кезеңінде ақаулар жіберілген,
— түтін мұржасы тиісінше пайдаланылмаған, яғни жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары, кезекті тексерулер мерзімінде жүргізілмеген,
— қазандықтардан тыс шығатын газдардың температурасы бөлігінде қазандықтардың жұмыс режимдерін сақтамау,
— қазандықтардың жоғары апаттылығы және қазандықтардың авариялық тоқтатылуынан кейін мазутты пайдалана отырып, конденсаттың түзілуіне және төмен температуралы коррозияға қатысты газ жолы мен түтін мұржасының жұмыс жағдайларының нашарлауына әкеп соққан жиі іске қосылуы,
— Петропавл 2-ЖЭО басшылық құрамы мен жауапты мамандары тарапынан тиісті бақылау болмағандықтан апат орын алды.

Анықталған заң бұзушылықтар мен олқылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Станция жабдықтарының істен шығып, бірнеше рет тоқтауына себеп болған 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіндегі жөндеу науқаны барысында жіберілген кемшіліктер үшін директорлар кеңесінің шешімімен «Севказэнерго» АҚ жауапты басшыларын лауазымынан босату және лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік шаралар қабылданды.

Алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалу және сенімді өткізу мақсатында «Севказэнерго» АҚ Петропавл 2-ЖЭО жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жол картасын іске асырып жатыр. Жол картасының орындалуы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында, апта сайын көшпелі мониторинг жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz