20 жастағы петропавлдық аса ауыр есірткі қылмысын жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны есірткі тасымалымен айналысқаны үшін 10 жылға сотталды. Қалалықтан 397,62 грамм «тұз» деген атаумен белгілі «альфа-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткі қылмысына қатысы бар жігітті СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпан айында ұстаған. Одан 397,62 грамм «альфа-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді. Полицейлер қылмыскердің үйінен электронды таразы мен қаптайтын материалдар тапқан. Ұсталған адам мұндай қылмыспен Петропавлда ғана емес, Қостанай облысының Рудный қаласында да айналысқан.

— Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстың аса ауыр санатына жататынын ескертеміз. 10 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру көзделген, — дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Жандос Басыбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz