Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов жергілікті атқарушы органдарға станцияны алдағы жылыту маусымына дайындаудың маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Петропавлдағы 2-ЖЭО жұмысын қалпына келтіру бойынша дайындалған Жол картасына сәйкес қазір 6 қазандық агрегат, 1 турбоагрегат және 2 түтін мұржасы жөнделуде. Шаруаға 10 мердігер компания, 379 қызметкер және 35 техника тартылды. Станцияның мәселесін жылу беру маусымына дейін бір жақты ету негізгі міндетіміз, — деді Бақыт Ілиясов.