Солтүстікқазақстандық полицейлер ауыл тұрғыны заңсыз сақтаған мылтықты тапты

Авторы: Qyzyljar News

Айыртау ауданының полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау жөніндегі материалды сотқа тапсырды. Ауыл тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер маусым айында өткізген «Жол-көлік оқиғасына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 53 жастағы ауыл тұрғыны басқарып келе жатқан ГАЗ-31-105 Волга автомобилін тексеру үшін тоқтатқан.Тәртіп сақшылары машинаның артқы орындығынан шағын калибрлі оқталған мылтық пен патрондарын тапты.

Оның айтуынша, қаруды бірнеше күн бұрын тауып алған. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білмеген. Сараптама бұл қарудың калибрі 5,6 мм., «ТОЗ-8» екендігін көрсетті.

— Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын айыппұлдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қаруды заңсыз сақтау қауіпті. Оқыс оқиғалардан, сондай-ақ қару қолданумен жасалатын қылмыстардан аулақ болу үшін тілкелмеген қаруды полицияға ерікті түрде өткізген жөн. Жыл басынан бері 11 адам өз еркімен қаруды тапсырып, заңсыз сақтау үшін көзделген жауапкершіліктен босатылды, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz