Алаяқтар алдаудың жаңа тәсіліне көшті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда алаяқтар өздерін «Солтүстік Қазақстан АЭК» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғындарды алдап, ақшаларын қалтасына басуға көшті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі компанияға қылмыскерлердің сөзіне иланып, сан соғып қалған петропавлдықтардың шағымданғанын хабарлады. Айлакерлер көппәтерлі үйлерге кіріп, орталықта апат орын алғанын, оны ретке келтіру үшін шұғыл түрде қаржы керек екенін айтқан. Арам ойларын іске асырғандар қалалықтардан 6 мыңнан 10 мың теңгеге дейін сұратыпты. Тұрғындарға көрсететін сөзін растайтын құжат та көрсетпеген.

— Энергиятаратушы компанияның қызметкерлері апат орын алған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізбейді. Дегенмен, екі нұсқама береді, олардың біреуі тұтынушыда қалады. Егер үйлеріңізге «СҚ АЭК» АҚ қызметкері келіп жатса, одан маманның деректері көрсетілген біліктілік куәлігін талап ету қажет. Ресми құжат ұйым қызметкерлерінде ғана бар, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz