СҚО-да домофон орнататын компаниялар бағаны өзара келісіп көтерді деген күдікке ілінді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да домофон компаниялары бағаны келісіп көтерген деген күдік бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың 27 маусымына дейінгі кезеңде домофон ұйымдарының қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілді. Нәтижесінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің белгілері анықталды.

— «Алекс Nord» ЖШС, «Домофон Петропавл Элит» ЖШС, «Халықтық домофон» ЖШС, «Sim-tel Север» ЖШС бағаларды белгілеу немесе ұстап тұру бойынша әрекеттері бәсекелестікті шектейді. Мұндай әрекеттердің нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүдделеріне сәйкес келеді. Бұл субъектілердің іс — әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілері, атап айтқанда бағаны белгілеу және ұстап тұру анықталды, — деп түсіндірді департамент өкілдері.

Компаниялардың атына олардың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы және оларды жою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді.

— Монополияға қарсы органның хабарламасы «жұмсақ құқық» құралы болып табылады, нарық субъектісіне бәсекелестік заңнамасының бұзушылықтарын өз бетінше жоюға мүмкіндік береді. Оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындауға жатады. Өз еркімен жою кезінде тергеу жүргізілмейді. Орындалмаған немесе толық орындалмаған, монополияға қарсы орган белгілеген мерзімдер бұзылған жағдайда монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері бойынша тиісті тергеу тағайындалады, — деп қорытындылады департаментте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz